Бокстан әлем чемпионы болған Фируза Шәріпованың ММА-дағы екінші айқасы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы октагонға 18 қарашада Алматыда өтетін Octagon 37 турнирінде шығады.
Еске салайық, биылғы 29 шілдеді Шәріпова ММА-да дебют жасады. Ол бірінші раундта ресейлік Карина Ондасынованы буындыру әдісімен жеңді. Фирузаның кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне келсек, ол IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды. Ал өткен жылдың желтоқсанында «абсолютті» чемпион атағы үшін таласты, бірақ жеңіліп қалды.