01.11.2022, 16:20

Президент сайлауының бюллетеньдерінде «Бәріне қарсымын» деген жол болады

Орталық сайлау комиссиясы кезекті қаулыны қабылдады.

2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстанның кезектен тыс Президент сайлауы қарсаңында Орталық сайлау комиссиясы кезекті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz.

Құжат мәтінінде, кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерінің саны, оның ішінде сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызын қоса, 12 069 990 дананы құрайтыны айтылған.

Сайлаушылардың жалпы саны 11 950 485 адамды құрайды. Дәл осы көрсеткіш сайлау комиссияларына ұсынылған актілерде көрсетілген.

Сонымен қатар, сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілді – кандидаттардың аты-жөні әліпби ретімен тізімделген, ақпарат екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде берілген. Бұдан бөлек бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген жол болады.