01.11.2022, 16:40

«Қасиетті адаммын»: Белгілі сынықшы өзі отырған орындыққа да қасиет дарығанын айтып мақтанды

Түрлі жорамалдарымен елді шулатып жүретін Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова бұл жолы өзін «қасиетті адаммын» деп ашық айтты.

Түрлі жорамалдарымен елді шулатып жүретін Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова бұл жолы өзін «қасиетті адаммын» деп ашық айтты.

«Біздің "Bagdagul hanym” кафетерийінде отырып тамақ ішкен менің креслом... Мен отырған жерге халық отырсын деп ырымдап кафетерийге апарып қойдым. Қанша дегенмен қасиетті адаммын ғой халқымның тілеген тілегі орындалар деп», - делінген жазбада.

Тіпті сынықшы ханым өзі отырған әлгі орындыққа отырған кез келген өзге адамдардың ауруынан айығып, жақсы болып кететінін айтқан.

"Барып отырған адамдар айтып жатады жақсы болдық, отырып тілегімізді тілеп көзді ашып жұмғанша жақсы хабар алудамыз", деп жазды Бағдагүл Лепесова.

Жазбаға "Өзін қасиетті санаған бұл қандай адам өзі", "«Сол креслоға жету керек», «Ақтөбеге жол түссе, барамыз» деген сынды пікір қалдырып жатқандар бар.