$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында мұнай төгілуіне байланысты тексеріс басталды

Ресми деректерге сәйкес, апат орнында №797 ұңғымасынан мұнай аралас ластанған су ағып жатыр.

Ақтөбе облысында Кеңқияқ және Шұбарши ауылдары маңында мұнай аралас су төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Министрлік мәліметінше, "Кеңқияқмұнай" кенішіндегі №797 ұңғымада сұйықтықтың ағуы туралы хабар 30 қазанда түскен.

"Факт бойынша департамент инспекторы аралау жүргізіп, онда 29 қазанда сағат 22:30 шамасында ұңғымада негізгі оқпанның дәнекерленген жері үзілгені анықталды. Ластанған аумақтың көлемі үш мың шаршы метр. Апат салдарын жоюмен "Ақберен" ЖШС айналысып жатыр", - деді министрлік.

Ресми деректерге сәйкес, апат орнында №797 ұңғымасынан мұнай аралас ластанған су ағып жатыр.

"Инспектор оқиға орнынан аумақты өлшеп, сынамалар алды. Кәсіпорын өкілдері қатысып, акт жасалды. Дерек бойынша департамент жоспардан тыс тексеріс тағайындайды", - деді министрлік өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #мұнай