$ 494.87  520.65  4.91

Әзербайжандар қазақ халқынан көмек сұрап, үндеу жолдады

Бүкіл Еуроодақ Әзербайжаннан мұнай мен газ сатып алудан бас тартуды талап етеді.

Әзербайжан халқы бауырлас қазақ халқынан көмек сұрап, үндеу жолдады, - деп хабарлады Dalanews.kz. 

Құрметті қазақ ағайындар!

Біз түрлі елдердегі ондаған пікірлес еріктілердің көмегімен елдің бірнеше қалаларынан, түрлі жастағы және әлеуметтік мәртебедегі Әзірбайжанның қарапайым азаматтарынан құралған бастамашыл топпыз.

Соңғы бірнеше аптада біз өз Отанымызды Франция Сенаты мүшелерінің бізге қарсы енгізгісі келетін экономикалық санкцияларынан құтқаруға тырысудамыз.

Аталған мәселені көтере отырып, биылғы жылы Еуропада санкциялар енгізу мәселесі тек Әзірбайжанға ғана емес, Қазақстанға да қатысты талқыланғанын байқап отырмыз. Ақпан айында Ұлыбритания Парламентінде тіпті осы мәселе бойынша тыңдаулар өтті.

Қатысушылардың бірі британдық Сыртқы істер министріне жүгініп, санкциялар аясында:

«Мәселе тек Ресей туралы емес. Қазақстан мен Әзірбайжан сияқты юрисдикциялар Путиннің қолдауына, оның бастамаларына қатысады. (Ұлыбритания СІМ басшысы) Осы юрисдикциялардың өкілдеріне қарсы санкциялар енгізу үшін қандай да бір әрекет іске асырылып жатыр ма?», – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Chatham House британдық талдау орталығы Қазақстан туралы былай деп жазды: «Санкциялардың екі түрі қолданылуы мүмкін: ЕО адам құқықтары саласындағы жаһандық Санкциялар және ЕО-ның жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы санкциялары».

Ресей мысалында көріп отырғанымыздай, елге қарсы санкциялар енгізу тек ірі магнаттар мен шенеуніктерге ғана емес, қарапайым адамдарға да кері әсер етеді.

Біздің сіздерге жүгінуіміздің тағы бір себебі – санкциялардың жалпы қаупі
Тағы бір себеп – біз шынымен де жақын туысқан халықтармыз, бірақ өкінішке қарай, бұл туралы сирек еске аламыз. Қазақ сөздерін естігенде біразын жақсы түсінеміз.

Біздің халықтық әдет-ғұрыптарымыз бен дәстүрлеріміз ұқсас, ежелгі ата-бабаларымыз ортақ. Біз іс жүзінде көршіміз: теңіз жолында бізді тек 300 шақырым ғана бөліп жатыр.

Өткен жылдың қараша айында түркі мемлекеттерінің саммитінде Қазақстан Президенті «Ортақ тамыры мен ортақ тарихы бар елдеріміздің бірлігін нығайтуды» атап өтті.

Ол «Барлық түркі халықтары шығу тарихымен және бірлескен мүдделерімен байланысты. Біздің арамызда әрқашан келісім мен өзара қолдау болды» деген еді.

Біз бұл сөздердің шынайылығына сенеміз, сондықтан біз сіздерден қолдау сұраймыз.

Егер тарихты еске түсірсек, соңғы қазақ ханы Кенесарының мысалы бізге үлгі болуы мүмкін.

Сырттан өсіп келе жатқан саяси және экономикалық қысымға қарсы тұру үшін ол барлық үш жүздің қазақтарын біріктіріп қана қоймай, туысқан түркі халықтарының қолдауын иеленді.

Оның жеке әскерінде башқұрттар көп болды және Кенесары хивиндіктермен (өзбектермен және түрікмендермен) одақтастық қарым-қатынаста болды. Ал Алатау қырғыздарымен ол ортақ жауларға қарсы бірлесіп әрекет етті.

Енді біз де дәл осылай жасауға тырысып жатырмыз. Соңғы бірнеше аптада әлемнің әр тарапындағы әзірбайжандарды қатарымызға қостық.

Біздің бастамамызды қолдау үшін Мәскеуде, Астанада, Бішкекте диаспора акциялары өтті: бізді ирандық әзірбайжандардың ондаған жеделхат-арналары қолдады. Енді біз жалпы түркі елінің өзара көмегі мен қолдауына сенім артамыз. Және алғашқылардың бірі болып біз өздеріңізге жүгініп отырмыз,

Сонымен, бізге сіздерден қандай көмек керек?
15 қарашада Франция Сенатында антиәзірбайжан резолюциясы бойынша дауыс беру тағайындалды. Парламентшілер өз үкіметтерін Әзірбайжанды «соғыс қылмыстары» үшін халықаралық айыптауға итермелейтіні анық.

Дәл екі жыл бұрын, екінші Қарабақ соғысы кезінде Әзірбайжанның 80-нен астам қаласы мен ауылдары зымыранмен атылды. 93 бейбіт тұрғын қаза тапты, оның ішінде 27 әйел мен 12 бала – олардың ішінде 10 айлық, бір жастағы және алты жастағы қыздар қаза тапты.

Күні бүгінге дейін Франция парламенті де, Еуропаның басқа елдерінің парламенттері де аталған өлім фактілеріне ешқандай реакция танытпады.

Алайда француздар бізді «жаппай қылмыс» үшін айыптауды талап етіп отыр. Біз бұл тәсілді біржақты және кемсітушілік деп санаймыз. Франция Оңтүстік Кавказдағы қақтығыстың тек бір жағын ғана қолдайды да, екінші жағынан біздің сезімдеріміз бен мүдделерімізді елеусіз қалдыра отырып, барлық жағынан басып тастауға тырысады.

Бұл ретте француз парламенті Үкіметтен Арменияға заманауи қару-жарақ жеткізуді талап етіп отыр. Олар Еревандағы саяси күштердің бейбіт келісімге келуге әзір отырғанын есепке алғысы жоқ.

Осылайша, Француз парламентшілері келіссөз процесіне килігіп, бейбітшілікке жету мүмкіндігіне нұқсан келтіруде.

Сонымен қатар, Сенат өз үкіметінен бүкіл Еуроодақ ауқымында Әзірбайжаннан мұнай мен газ сатып алудан бас тартуды талап етеді. Ал бізде мемлекеттік бюджеттің жартысына жуығы энергия тасымалдаушыларды сатудан түскен табысқа негізделген. Санкциялар енгізілген жағдайда бюджет қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақысы, аз қамтылған отбасылар мен студенттерге көмек азаятыны мәлім.

Біз бұған жол бермеуге тырысып, 11 қазанда Mesopinions.com атты жалпы Француз петиция сайтында әзірбайжан халқының атынан Сенат пен Франция халқына үндеу жарияладық. Онда біз антиәзірбайжан резолюциясының жобасымен келіспейтінімізді дәлелді түрде білдіріп, оның еліміздің және бүкіл Оңтүстік Кавказдың қарапайым азаматтары үшін кері әсерін түсіндірдік.

Тек алғашқы 18 күнде петицияны қолдауға 55.000-нан астам адам дауыс берді.

Біздің пайдамызға ондаған блогерлер мен қауымдастықтар әлеуметтік желілерде сөз сөйлеп, халықаралық және француз сайттарында мақалалар жарияланды.

Біз 15 қарашаға дейін, яғни, Сенаттағы дауыс беру күніне дейін петиция үшін дауыс санын 100.000-ға дейін жеткізуге және месседждерімізді әлемдік БАҚ-та барынша таратуға тырысамыз.

Егер Сенат мүшелері әлі де көптеген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының резонансын елемейтін болса және олардың біржақты ұстанымдары мен Әзірбайжанға қарсы санкциялар салу жоспарларынан бас тартпаса, Франция азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының демократия үшін маңыздылығы туралы айту құқығынан моральдік тұрғысынан айырылады.

Егер біз Сенаттың ұстанымына ішінара әсер ете алсақ, бұл барлық түркі халықтары үшін сырттан қысым жасауға қарсы тұрудың ең құнды тәжірибесіне айналады.

Сонымен қатар, егер 15 қарашада біз жеңілсек, жоғарыда айтқанымыздай, алты ай немесе бір жыл аралығында сіздер де осындай жағдайға тап болуларыңыз мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, біз сіздерден қолдау сұраймыз:

Бұл үндеуді әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызға таратыңыз!

Біздің өтінішімізге дауыс беріңіз!

Өтініштің астына өз пікірлеріңізді қалдырыңыз – қазақ, орыс немесе кез келген басқа тілде. Бұл әрқайсыңыздың екі-үш минутыңызды алады.
Осылайша, біз Еуропаға жалпы түркі бірлігін көрсетеміз және алғаш рет өзара көмек көрсетудің тиімді механизмін орнатамыз, ертең мұның пайдасы бәрімізге қажет.

Осы сілтеме бойынша сіз дауыс беруге қалай тез және оңай қатысуға болатыны туралы нұсқаулықпен таныса аласыз https://insanoid.com/petisiyanin-rus-dilinde-imzalanmasi/

Петиция мен бауырлас қазақ халқына үндеуді жасағандар:

1) Ələkbərova Kubra, 52 ж. – Гянджа

2) Əliyeva Aynur, 29 ж – Гянджа

3) Mirzəyev Vəzir, 29 ж – Ленкорань

4) Əmirsultanov Əmirsultan, 42 ж. – Сумгаит

5) Nəzürova Rübabə, 58 ж – Баку

6) Əliyeva Ülfət, 29 ж – Баку

7) Tağıyev Süleyman, 31 ж. – Сабирабад

8) Rəsulova Fatimə, 23 ж. – Баку

9) Ağayeva Seyidnurə, 36 ж – Сабирабад

10) Abdullayeva Afət, 61 ж. – Баку.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары