$ 494.87  520.65  4.91

Депутаттардың балалары әскери борышын өтей ме?

Мәжілісмен Бекқали Торғаев қысқа қайырып, «жоқ» деді. Торғаевтың 28 және 38 жастағы екі ұлы да әскерге бармаған көрінеді.
Коллаж: ulysmedia.kz
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстанда жылына мыңдаған азамат армияға барады. Қарулы күштер мен Ұлттық ұланға, Шекара қызметіне бір жылын арнап, Отан алдындағы борышын өтейді. Ал депутаттардың балалары армияға барды ма? Баласының әскерде борышын өтегенін олар қалай ма? Ulysmedia.kz порталының тілшісі осы сұрақты өткен аптада Мәжілістің жалпы отырысынан кейін бірнеше депутатқа қойып үлгерді.

Депутат Ғалым Әміреев «жоқ, балаларым ол жасқа жеткен жоқ» деп жүре жауап берді. Ашық дереккөздерде, депутаттың бір баласы бары жазылған.

Мәжілісмен Бекқали Торғаев қысқа қайырып, «жоқ» деді. Торғаевтың 28 және 38 жастағы екі ұлы да әскерге бармаған көрінеді.

Айқын Қоңыров та алдыңғы әріптестеріндей «жоқ, олар әлі кішкентай» деп күле жауап берді.

Депутат Игорь Панченко баласы «денсаулығына байланысты армияға бара алмағанын» айтты. Ал Әмірхан Рахымжанов қыз балалары ғана барын жеткізді.

Азат Перуашев болса, ұлының әскерде болмағанын ашық айтты. «Неге?» деген сұраққа «білмеймін, оқып жүр ғой» деп жауап берді. Ашық дереккөздерде оның ұлы 1989 жылы туғаны жазылған.

«Негізі мен қарсы емеспін. Менің өзім мысалы әскерде болдым. Балалар әскерге барса, ешқандай қарсылығым жоқ», – деді Перушаев.

Депутат Аманжол Әлтаев баласы қазіргі уақытта Астанадағы Өнер университетінде оқитынын айтты.

«Оқуын бітіргеннен кейін әрине, өзінің міндетін атқаруға заң бойынша барады», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары