03.11.2022, 01:00

«Қазақ бокста әлемді мойындатқан». Иорданиядағы чемпионатта ринг-анонсер қазақ тілінде сөйледі (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр
Қазақ тілін қазақ қана менсінбейтін шығар.

Желіде Иорданияда өтіп жатқан Азия чемионатында ринг-анонсерінің қазақша сөйлеген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ханымдар мен мырзалар, қарсы алыңыздар! Қазақстаннан Сәкен Бибосынов!", деп еліміздің спортшысын қазақ тілінде хабарлаған ринг-анонсерінің бұл әрекеті көптің көңілінен шыққан сыңайлы. 

Өйткені, желі қолданушылары аталмыш жағдайға оң көзқарас білдіріп, өз таңданыстарын жарыса жазды. 

"Керемет! Қазақ тілін айтсаңшы", "Туымыз желбіресін, бәрі қазақша сөйлейді", "Қазақ тілін қазақ қана менсінбейтін шығар",  "Ой, бәрекелді бокста қазақты әлем мойындап қойған",  "Депутаттарға қарағанды жақсы сөйлейді екен", "Респект", деген сынды түрлі пікірлер қалдырды.  

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов ширек финалға өтті.