$ 488.45  529.19  5.04

Маңғыстау облысында дезинсекция әсерінен көршілер уланып, 2 адам көз жұмды

Қолдануға тыйым салынған бірінші санаттағы өмірге қауіпті «Квикфос» уымен пәтерге дезинсекция жасалған.

Маңғыстау облысында көрші пәтерде жүргізілген дезинсекцияның әсерінен тұрғындар уланып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, ол өзінің танысына дезинсекция қызметін ұсынып, пәтерін жәндіктерден тазарту мақсатында елімізде қолдануға тыйым салынған бірінші санаттағы өмірге қауіпті «Квикфос» уын қолданған.

Нәтижесінде, ауаға «алюмин фосфид» түссіз улы газы тарап, әсерінен көрші пәтердегі тұрғындар уланып, жасөспірім қыз бен оның анасы қайтыс болған.

«Екі адамның өліміне әкеп соққан санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР ҚК-нің 304-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, азамат 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп көрсетті Маңғыстау облыстық прокуратурасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары