$ 442.05  474.14  4.74

Астанаға баратын жол жабылды

СҚО-да Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі жол жабылды.

СҚО-да Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты СҚО-да көліктің барлық түрі үшін сағат 22:00-ден бастап А-1 «Астана-Петропавл» автожолының 367-473 шақырым аралығы (Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі учаске) жабылды» делінген хабарламада.

Мәлеметке сай, күре жолдағы ахуал ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан өңіріндегі филиалының бақылауында. 20 бірлік арнайы техника мен 25 жолшы маман қызмет етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы #жол