Қазақстандық кәсіби боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 17 КО) Германияның өкілі Хуссейном Мухамедом (17-1, 14 КО) титульды жеке-жек өткізіп, жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби бокстағы 19-жеңісі, деп жазады sport.kz cайты.
Германияда өткен 10 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстандық боксшы қарсыласын 4 нокдаун және нокаутпен жеңді.
Еске салсақ, бұған дейін Universum Boxing промоутерлік компаниясы ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен Германия өкілі Хусейн Мұхамед (17-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады.
Ол соңғы жекпе-жегін Жан Кособуцкий 21 мамырдан 22 мамырға қараған түні Гамбургте (Германия) өткізді. Онда француз спортшысы Жоан Дюопты (39-7, 26 КО) мерзімінен бұрын жеңіп, WBC International нұсқасы бойынша екінші дәрежелі титулға ие болды.