$ 441.58  480  4.86

Айдос Ербосынұлы WBA әлем чемпионы атағы үшін болған жекпе-жекте нокаутпен жеңіліп қалды

Ербосынұлы карьерасында алғаш рет жеңілді, ал кубалық сегізініші жеңісіне жетіп, титулын қорғап қалды.

Желіде қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) жекпе-жекте нокаутқа түскен сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Екінші орта салмақта WBA World белбеуі үшін айқас Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.

12 раундқа есептелген кездесу толық өтті. Алайда он екінші раундта кубалық боксшы Айдосты ауыр нокаутқа түсірді.

Осылайша, Ербосынұлы карьерасында алғаш рет жеңілді, ал кубалық сегізініші жеңісіне жетіп, титулын қорғап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары