Алматы облысында бес адам түрлі жарақатпен түнде ауруханаға түсті. Олардың біреуі қайтыс болды.
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында 6 қараша түнгі бірлер шамасында болды.
Полицияға түрлі жарақаты бар 5 адам ауруханаға түскені туралы ақпарат келген. Олардың біреуі алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергелуде.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушысы мен себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Өңірде жағдай тұрақты", - деп атап өтті полицейлер.