$ 444.32  473.33  4.76

Тараз тұрғыны TikTok-тағы видеосы үшін сотқа тартылды

Ер адам жала жабу фактісі бойынша сотқа шағымданған.

Тараз соты жала жабу бойынша әкімшілік істі қарады. Оған TikTok әлеуметтік желісіндегі бейнеролик негіз болған, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Жергілікті "Знамя труда" газеті хабарлағандай, Тараз қаласының тұрғыны өзінің TikTok парақшасында "Ұры көршілер" атты видео жариялаған. Облыс орталығының тұрғыны өзін видеодағы "жағымсыз кейіпкер" екенін білген. Бұл туралы оның достары да білген.

Ер адам жала жабу фактісі бойынша сотқа шағымданған. Кейін жәбірленуші құқықбұзушыны қудалаудан бас тартып, онымен татуласуына және медиациялық келісімге келуіне байланысты соттан әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұраған.

Осыған байланысты тиктокер әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, бірақ жала жабу бабы бойынша кінәлі деп танылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары