$ 447.4  477.55  4.76

Танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаев мезгілсіз өмірден озды

Қайрат Беркінбаев танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы.

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқ-Жетпес» ЕСК» АҚ президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев дүниеден өтті.

Бүгін 57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаев өмірден озды.

Қ. Шерәліұлы елімізде курорт ісінің дамуына зор үлес қосқан маман ретінде танымал. Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінде басшылық етіп, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде танытты.

Қайрат Шерәліұлы 1965 жылы Созақ ауданында дүниеге келген. 2007 жылдан 2011 жылға дейін ОҚО мәслихатының депутаты болып сайланған. 2011 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінде қызмет атқарып келді. 2019 жылы Тәуелсіздік күніне орай, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Қ. Беркінбаев танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары