$ 494.87  520.65  4.91

«Кеткенің бе, жаным...»: Белгілі кәсіпкер Беркінбаевтің бірінші әйелі жазба жариялады

Еске салсақ, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы 57 жасында өмірден өтті.

Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтің бірінші әйелі Меруерт Беркінбаева жарының қазасына байланысты қайғырып жазба жариялады. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Қиналып арқа суйерім,
Жердегі мықты тірегім.
Кеткенің бе, жаным
Сенсіз қалай жүремін?
Асылдардың бірі едің,
Көзімнің аппақ нұры едің.
Iздемей сені асылым,
Шыдар ма екен жүрегім ?

Сене алар емеспiн… Мәңгілік жүрегімдесін", деп жазды  Меруерт Беркінбаева желідегі парақшасында. 

Еске салсақ, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы 57 жасында өмірден өтті. Қайрат Шерәліұлы елімізде курорт ісінің дамуына зор үлес қосқан маман ретінде танымал. Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінде басшылық етіп, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары