$ 443.37  474.49  4.83

Бүгін Азия чемпионатында жеті қазақ боксшысы сынға түседі

Ширек финалының соңғы жекпе-жектерінде еліміздің атынан 7 боксшы бақ сынайды.

 Бүгін, 7 қарашада бокстан Азия чемпионаты ширек финалының соңғы жекпе-жектерінде еліміздің атынан 7 боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда уақытымен сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияда қазақстандық төрт былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Ел құрамасынан Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Сачинмен 4-жұпта қолғап түйістірсе, 5-жұпта Нұрқанат Райыс (75 келі) қырғызстандық Сагын Сатыбалдыуулумен кездеседі.

Ал 12-жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) таиландтық Веерапон Джонгджомен шеберлік байқасса, 15-жұпта Назым Қызайбай (50 келі) монғолиялық Мунгунсаран Балсанмен тартысқа түседі.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда 3-жұпта Сағындық Тоғамбай (86 келі) тәжікстандық Навруз Джафоевпен кездессе, 7-жұпта Айбек Оралбай (92 келі) үндістандық Навин Кумармен, 9-жұпта Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) Оңтүстік Корея боксшысы До Хьен Киммен шаршы алаңға шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары