Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Марқұм қыздың үлкен әпкесінің айтуынша, Мәдинаның денесі Алматыға 3 қарашада жеткізілген.
"Біз неге ұзаққа созылып кетті деп қатты уайымдадық. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Бейсенбі Мадинаның денесі Алматыға жетті. Оның қасында бір түн болдық. Сенбі күні таңертең оны жерледік", - дейді әпкесі.