$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада аспаз жұмыс орнындағы сейфті тонап, 3,6 миллион теңгені қолды қылды

Күдікті ретінде 34 жастағы кафенің бас аспазы ұсталды.

Қызылордада аспаз жұмыс орнынан 3,6 млн теңге ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасына кафе иесі ұрлық бойынша арыз түсірді. Белгісіз біреу қызметтік кабинетіндегі сейфтен 3,6 млн теңге ақшасын ұрлап кеткен. Басқарманың криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 34 жастағы күдікті, осы мекеменің бас аспазы анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тонау #ұрлық