$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде алты бірдей мектептің оқушылары мен мұғалімдері шұғыл эвакуацияланды

Әлеуметтік желіде қаладағы 11-ші және 16-шы мектептің жанында түсірілген видео тарады.
© Sputnik / Владислав Воднев
© Sputnik / Владислав Воднев

Өскемен қаласында алты бірдей мектепте жарылғыш зат бар деген жалған ақпарат түсті. Полиция барлық білім беру мекемесін тексеріп шықты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ресми мәліметке сәйкес, хабарлама бүгін сағат 10:41-де түскен.

"Осыдан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына кетті. Нысандар тексерілді, қауіпті заттар табылған жоқ", - дейді полицейлер.

Тексеріс шаралары кезінде алты мектептің оқушылары мен қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Әлеуметтік желіде қаладағы 11-ші және 16-шы мектептің жанында түсірілген видео тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары