08.11.2022, 15:20

Еңбекшіқазақ ауданындағы кірпіш зауытының басшысы тұрғындарға пышақ ала жүгірді

Ол зауыт жұмысына көңілі толмайтындарды пышақпен қорқытқан.

Еgovpress телеграм каналында қолындағы пышағымен тұрғындарға қоқан-лоқы жасаған ер адамның видеосы тарады.

Видеодағы ер адамның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайназар ауылында орналасқан кірпіш зауытының директоры екені айтылған. Байқағанымыздай ол зауыт жұмысына көңілі толмайтындарды пышақпен қорқытқан.

Аталмыш оқиғаға қатысты полиция тексеріс шараларын бастады.