08.11.2022, 17:40

АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

Қазақстандық боксшының айтуынша, деректі фильм америкалық көрермендерге арналған.

Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшының айтуынша, деректі фильм америкалық көрермендерге арнап түсіріліп жатыр. Әзірге толық мәлімет белгісіз.

«Командамыз туралы деректі фильм. Өте қуаныштымыз, бұл біздің QAZAQ STYLE дүние жүзіне танылып жатыр деген сөз. Бокс тарихында із қалдыру үшін осы бағыттан таймай, жұмыстарымызды жалғастырамыз», – деді Жәнібеке Әлімханұлы.

Айта кетейік, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жақында чемпиондық атағын қорғайды, қарсыласы - британиялық Дензел Бентли. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 13 қараша күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.