Халықаралық шахмат федерациясы блиц пен рапидтен әлем біріншілігі Алматыда өтетінін жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс желтоқсанның 25-і мен 30-ы аралығында өткізіледі.
Былтырғы әлем чемпионаты Польша астанасы Варшавада өтті. Онда өзбек гроссмейcтері Нодирбек Әбдусатторов ерлер арасындағы рапидтен, ал блицтен француз Максим Вашье-Лаграв чемпион болды.
Әйелдер арасында өткен рапид жарысында Ресейдің Александра Костенюкі үздік боп танылса, блицтен Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева чемпион болды. Он биыл да әлем чемпионатына қатыспақ.