08.11.2022, 20:47

Алматыда тағы да автобус апаты болды

Алматы қаласында №201 мен №98 жолаушылар автобусы соқтығысып, бірнеше адам жарақат алып, бір адам көз жұмды.

Алматыда тағы да автобус апаты болды. Бұл жолы қоғамдық автобустардың бірі жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Алматы қаласы полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріповтың сөзінше, оқиға Абай даңғылында сағат 15.00-де орын алған. Жеңіл көлікке соқтығысқан автобус механикалық зақымданған.

"Қоғамдық көлік Абай даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, сол жаққа қарай бұрылып жатқанда сол бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Екі көлік те механикалық жағынан зақымданды. Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деді Олжас Шәріпов.

Еске салсақ, 8 қарашада Алматы қаласында №201 мен №98 жолаушылар автобусы соқтығысып, бірнеше адам жарақат алып, бір адам көз жұмды.