09.11.2022, 10:20

Танымал мобилограф Тоқаевтың сапары туралы ерекше влог жариялады (ВИДЕО)

Коллаж: kaz.tengrinews.kz
Ол видеода хаттама туралы айтып, әр сантиметр мен секунд қаншалық дәл есептелгеніне таңғалған.

Танымал мобилограф Қыран Талапбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауға жұмыс сапары туралы ерекше влог түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео Атырау әуежайынан басталады. Онда блогер Президент бортының келгенін көрсеткен. Ол видеода хаттама туралы айтып, әр сантиметр мен секунд қаншалық дәл есептелгеніне таңғалған.

Қыран Талапбек Президентті атыраулықтар қалай күтіп алғаны, Ақорданың мобилографының жұмысы туралы айтқан.