$ 494.87  520.65  4.91

77 жастағы кентаулық қария басымен жаңғақ шағып, шпагатқа отырады

Бір шелек мұздай суды үстіме құйып, кейін таңғы жаттығуға кірісемін.

Түркістан облысының Кентау қаласында салауатты өмір салтын ұстап қана қоймай, оны көпшілікке насихаттап жүрген қария тұрады. 77 жастағы Жеңіс Берікқара шахтада еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Содан бері спортты серік еткен. Бүгінде йогамен айналысып, шпагатқа отырады, деп хаарлайды Экспресс К.

Зейнеткердің тек спорт емес, сурет салу, ән айту, ақындық өнері де бар. Домбыра мен аккордеонда ойнайды. Тіпті үйінен "Денсаулық — отбасылық музейі" деген атаумен мұражай ашқан. Онда өзінің жас кезіндегі суреттері мен шығарған кітаптарын, салған туындыларын кездестіруге болады.

"Күн сайын таңғы 6-да тұрамын. Бір шелек мұздай суды үстіме құйып, кейін таңғы жаттығуға кірісемін. Шпагатқа отырамын, "мостикке" тұрамын. Йогамен де айналысамын. Басымды еденге қойып, аяғымды төбеге қаратып біраз тұрамын. Бұл инсультке жақсы екен", деді ақсақал.

Жеңіс Берікқара 1945 жылдың 9 мамырында дүниеге келген. Ата-анасы Ұлы отан соғысындағы жеңістің құрметіне Жеңіс есімін беріпті. Ақсақал жұбайы екеуі үш ұл, бір қызды тәрбиелеп өсірген. 20 шақты немере мен 7 шөбересі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары