$ 449.58  486.94  4.86

Ту жамылған тұлпарда отырған депутат елдің сынына ұшырады

Мынаған не дейсіздер енді. Біреуге құрмет көрсетемін деп асыра сілтейтіндер де бар.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты Бержан Кенжебаевтың 63 жасқа толуына орай жерлестері түрлі құрмет көрсеткен. Соның бірі - атқа туды жабын ретінде жауып, тарту етуі әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы Facebook желісінде Ержан Төлек есімді азамат жазба қалдырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мынаған не дейсіздер енді. Бұл туға оранған тұлпар. Біреуге құрмет көрсетемін деп асыра сілтейтіндер де бар»,- делінген жазбада.

Бұл шуға аудандық әкімдік те жауап берді.

«Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінде ауданға белгілі азаматқа көрсетілген құрмет жеке адамдар және қоғамдық ұйым-ардагерлер кеңесі тарпынан болғанын ескере отырып, тарту еткен атқа жабылған Ту элементтері белгіленген жабынды арнайы зоодукендерден алынғанын қаперіңізге береміз», - деген ақпарат берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары