$ 444.14  477.05  4.85

Алматыда құрылысы бітпеген тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер аталған мекенжайда жұмыс істеп жатыр.

Алматыда құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. «Алматыда «Абай-Масаншы» көшелерінің қиылысында салынып жатқан «Miracle» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр», - делінген жазбада.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер аталған мекенжайда жұмыс істеп жатыр.

«Өрт 15:13 ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын 30 шаршы метр жерді шарпыған», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары