$ 494.87  520.65  4.91

«Зорланған, қорланғаныңды қоғамға шыңғырып жүріп жеткізу арқылы әділеттілікке жетесің» - Заңгер

Біздің елде қоғамдағы әйелдің рөлі соншалықты төмендеп кеткен.

Заңгер Айгүл Орынбек елдегі зорлық-зомбылық туралы айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қылмыстық жауапкершілікті сезінбеу - қылмысқа алып барады! Қыздың зорланғанын естіген соң, полиция басшылығы бірден психологтарды іске қосу керек еді! Ал бізде тергеуге алады, қыздың күйзеліске ұшырағаны аздай, одан сайын қалай болды, қайтіп, сен неге көмек сұрамай жаттың?, деп жүйкеге тиетін сұрақтардың астында қалдырады.

Біздің елде қоғамдағы әйелдің рөлі соншалықты төмендеп кеткені өзіңнің зорланған, қорланғаныңды қоғамға шыңғырып жүріп жеткізу арқылы әділдікке жетесің!

Шымкент десе өзіңе тиеді, полиция дұрыс жұмыс істесе мына көмек сұраған видео әлеуметтік желіге шықпас еді…

Тіпті өздерінде жұмыс істейтін Мөлдір Бекееваның құқығын таптап, қудалап жатқанда басқа қыздардың құқығы қайдан қорғалсын?!

ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК
Қашан жауап бересіздер менің жазбаларыма?! Видео “Две коровы” телеграм каналынан алынды", - деп жазды Айгүл Орынбек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары