Бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов финалға шықты. Ол жартылай финалда жапониялық әлем чемпионынан басым түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталған жекпе-жекті екі әлем чемпионы қолғап түйістірді. Былтыр Белградта өткен әлем біріншілігінде Сәкен Бибосынов 51 келіде, Томоя Цубои 54 келіде жеңімпаз атанған еді.
Биылғы құрлық додасына Томоя 51 келіде сынға түсіп, жартылай финалда Бибосыновпен кездесті. Бұл кездесуде біздің жерлесіміз қарсыласын еш қиындықсыз, 5:0 есебімен ұтты.
Осылайша, Сәкен Бибосынов финалға жолдама алған алтыншы қазақстандық боксшы атанып отыр.
Бибосыновтың финалдағы қарсыласы - Рио Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Хасанбай Досматов.