$ 474.62  517.19  5.39

Президенттікке үміткерлердің телевизиялық дебаты қашан және қалай өтеді?

Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады.

11 қарашада сағат 20:00-де "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.

Бірінші раунд – "Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы". Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.

Екінші раундта "Пікірсайыс сессиясы" өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.
Үшінші раунд - "Сайлаушылардың сұрақтары".

2022 жылдың 10 қарашасына дейін "Хабар" агенттігінде "ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!»" айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жіберді.

Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.

Төртінші раунд "Сайлаушыларға үндеу" деп аталады. Ол арада қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары