Кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысуын қысқарту аясында Үкімет жекешелендірілуі тиіс ұйымдар тізбесін бекітті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қосымша енгізілгендерін қоса алғанда мұндай ұйымдар саны елде 853, оның ішінде 34-і - республикалық меншік бойынша, 657-сі - коммуналдық меншік және ӘКК бойынша, сондай-ақ 162 нысан Холдингтер мен ұлттық компанияларға тиесілі.
Биылғы кестеге республикалық 19 кәсіпорын және 126 коммуналдық меншік объектілері кіріп отыр. Ағымдағы жылы холдингтер (ұлттық компаниялар) және ӘКК бәсекелес ортаға 75 еншілес ұйымды, қатысу үлестері мен объектілерін береді.
«Осы тізімнен 14 нысан сатылды, оның 12-сі мемлекет меншігіндегі нысандар. Екеуі - холдинг нысандары. 48,9 млн. теңге бастапқы баға кезінде мемлекеттік меншік және ӘКК нысандарын сату бағасы 62,3 млн. теңгені құрады. Ол бастапқы бағадан 27 пайызға артық. Холдингтердің екі объектісі бойынша 150,6 млн. теңге бастапқы баға кезінде сату бағасы 376,5 млн.теңгені құрады немесе бастапқы бағадан 2,5 есеге артық» делінген Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің хабарламасында.