$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа пойыз Алматы мен Ақтөбенің арасын 12 сағатқа қысқартты

Алматы мен Ақтөбенің арасы жақындай түсті. Таңғы сағат сегізде Алматыдан жолға шығатын «Жібек Жолы» жүрдек пойызы Ақтөбе қаласына 30 сағатта жетеді, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

«Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар «Жібек Жолы» пойызы 278 жолаушылық орны бар, үш санатқа бөлінген 23 вагоннан тұрады. Бір купе екі адамға арналған. Жоғары санаттағыларында қосымша жуынатын бөлме де қарастырылыпты. Оған қоса әуен, салқындатқыш пен ресторан жолаушылардың құзырында.

— Бүгінгі таңда жеті бағытта осындай жүрдек пойыз жүріп жатыр. Бұның конфертаблісі, сервисі өте жоғары, ішінде кондиционері бар. Бұл пойыздың жылдамдығы өте жоғары. Себебі, біздегі жәй пойыздар Ақтөбеге дейін 42 сағат жүретін болса, бұл 30 сағатта жетеді. Яғни, 12 сағатқа ертерек барады, — деді «Жолаушылар Тасымалы» АҚ-ның президенті Ермек ТӨЛЕГЕНОВ.

Жаңа жүрдек отарбаның жолаушылары Алматыдан Ақтөбеге бағыт алғанда 80 пайызға, ал, қайтар жолда вагондары 90 пайыз жолаушыға толады.

Елімізде жыл соңына дейін осы сияқты жабдықталған тағы үш пойыз пайдалануға беріледі. Олар, «Алматы-Өскемен», «Астана-Өскемен» және «Астана-Қызылорда» бағытында қатынайды. Биылғы жылдың алғашқысы болған нөмірі 49-50-ші Алматы-Ақтөбе бағытындағы отарбаның жолға шығар алдындағы алғашқы қоңырауы да соғылды.

Қазақстан темір жолы акционерлік қоғамы «Жібек жолы» пойызының билеттеріне жеңілдіктер де жасаған. Қазірдің өзінде бизнес санатына 15 пайыз, гранд санатына 25 пайыз жеңілдік енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары