Ресейлік жазушы, қыздарды қарату туралы кітаптар сериясының авторы Алекс Лесли «Ең ыстық» қазақ қызын кім табады?» атты тренинг өткізбек, деп хабарлайды «Адырна».
Әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыру қазақстандықтардың наразылығын тудырды.
«Тай түрмесінен қазақ түрмесіне барғың келе ме?», «Өмір сүргің келсе, біздің елге келме», «Не деген масқара?» деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін пикап мастердің басы бірнеше рет дауға қалған еді. Ол заңсыз семинар өткізді деп айыппен Таиланд түрмесінде тоғыз ай жазасын өтеді.