Елордадағы көп қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды.
Polisia.kz телеграм каналының жазуынша, Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен. Тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды.
Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.