13.11.2022, 07:20

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел, бұрқасын, көктайғақ болады

Жел екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болып, жауын-шашын жауады деп күтілуде.

Бүгін, 13 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Осы күні Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін барады.

«13 қарашада Іле, Қырғыз Алатауларында тұман түседі, онтүстік-батыс желі тұрады, Талас Алатауында кей уақытта тұман түседі. Батыс Алтайда түнде кей жерлерде катты жауын-шашын болады, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғак күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с дейін соғады. Тарбағатайда да жаяу бұрқасын, көктайғак, онтүстік-батыс желі тұрады.

Бүгін Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші - 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

13 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с дейін барады.

Осы күні Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

13 қарашада Батыс Қазақстан облысына жауын-шашын түседі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады», - деп ескертілген хабарламада.

Бүгін Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі.