$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік: «Қысқы дөңгелек салынбаған көлікті жүргізуге тыйым салынады»

Құлаққаптар, телефон және капюшондар адамның назарына кедергі келтіретінін ескеріңіз.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Күннің суытуына байланысты қысқы дөңгелек салынбаған көлікті жүргізуге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қараша айынан бастап ауа райы күрт нашарлайтыны белгілі. Адамдар бұған бірден үйрене алмайтындықтан, қысқы жолда жүру кезінде ауа райының қозғалыс режимдеріне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автокөлік тежелісінің ұзаруын және оны басқаруға әсер ететін жол төсемінің ілінісу қасиеттерінің өзгеруін ескеру маңызды екенін еске саламыз. Жаяу жүргіншілер қоршаған ортаға ерекше назар аударуы керек. Өйткені көлік кенеттен тоқтай алмайды. Сондықтан, жолдан өту кезінде жүргізушінің жол беретініне көз жеткізіп барып қана жүрісті жалғастырыңыз. Құлаққаптар, телефон және капюшондар адамның назарына кедергі келтіретінін ескеріңіз», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, ІІМ жеке құрамға қызмет өткеру кезінде қиын жағдайда қалған барлық адамдарға көмек көрсету тапсырылды.

«Сондай-ақ заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатынын еске салу қажет. Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы тиіс. Егер ауа райы нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қыс #машина