Instagram әлеуметтік желісінде есін жоғалтқан зейнеткердің суреті тарап жатыр. Қазір ол Алматыда жүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зейнеткер көрсеткен жеке куәлік Хасенов Есентай Шәмшиұлы атына берілген. Қарияның есінде қалған жалғыз ақпарат: ол Каспий теңізі маңында тұрады.
"Бәріңе сәлем. Ата үй маңында жүр, дәл жолдың бойында. Есін жоғалтқан, Каспий теңізі маңында тұратынын айтады. Сау. Репост жасап жіберсеңіздер, өтініш", - дейді жазба авторы.
"Алматыда. Сыртта өте суық, өте. Біреудің атасы жоғалып кетіпті. Табуға көмектесейікші", - дейді тағы бір қолданушы.
Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановты жұрт әлеуметтік желіде атаның туыстарын іздеуге көмектесуін сұрап белгілеп жатыр.