15.11.2022, 12:00

«Қостанайдағы өртке кінәлі бірнеше лауазымды тұлға күдікке ілінді» - министр

Оларға айып тағылуда.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 23 қарашада Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ ол бірнеше лауазымды тұлғаның Қостанай облысындағы өртке кінәлі деген күдікке ілінген атады.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда», - деді Төтенше жағдайлар министрі.