15.11.2022, 18:00

Белгісіз біреулер Қазақстаннан Қырғызстанға бір табын сиыр өткізбек болған

Көрші елге белгісіз біреулер 200-ден аса ірі қараны заңсыз айдап өткізбек болған.

Белгісіз біреулер Қазақстаннан Қырғызстанға 200-ден аса ірі қараны заңсыз айдап өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасының "Қастек" шекара бөлімі учаскесінде болған. Ақпарат бойынша, шекара отряды шекара сызығында бұзылған инженерлік қоршауды анықтаған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе отырып, шекарашылар ірі қара малды айдап өткізуге әрекеттенген алты адамды тапты. Шекарашылар келе жатқанын көріп, олар оқиға орнынан қашып кеткен. Өз кезегінде шекара күзетіндегі иесіз ірі қара мал мемлекеттік шекарадан бірнеше шақырым жерде орналасқан шекара бекетіне жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.