Қоғам қайраткері және "Әділдік жолы" ҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов астаналық "Мадрид" тұрғын үй кешеніне жылу желісін тартпай тұрып пайдалануға беруге G-Park құрылыс компаниясын жауапкершілікке тартуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Мадрид" тұрғын үй кешенінің тұрғындары коммуналдық түйткілдерге осыдан бір ай бұрын шағымданған. Ол кезде әкімдік тұрғын үй кешенін жылу жүйесіне қосуға құрылыс компаниясы жауапты екенін айтты. Компания өзінің жылу трассасын салуға міндетті.
"Құрылыс компаниясы салып жатқан жылу трассасы тек 35% дайын. Жылу трассасы аяқтағаннан кейін ғана үйге жылу беріледі", - делінген әкімдік хабарламасында.
Дидар Смағұловтың хабарлауынша, 14 қарашада "Мадрид" тұрғын үй кешенінің 1 000 пәтері жарықсыз қалды, сәйкесінше, сорғылар соратын су да, электр жылытқыштары беретін жылу да болған жоқ. 15 қарашада кешен тұрғындары наразылық акциясын өткізді.
"Көлгінов" “Мадрид” тұрғын үй кешені тұрғындарымен кездесуге өзінің орынбасары Нұркеновтен бөлек СОБР жауынгерлерін жіберді. Олар үйдің артында жасырынып қана қоймай, жаяу жүргіншілер өткеліне көліктерін қойып, жол ережелерін бұзды", – деді Смағұлов.
Смағұловтың пікірінше, төмендегі азаматтар мен құрылымдардың барлығы жауапқа тартылуы керек:
Тапсырыс беруші – G-Park компаниясының иесі, Астана мәслихатының депутаты Ғабит Сатмағамбетов,
техникалық қадағалау;
авторлық қадағалау;
мердігер;
"Теплотранзит".