$ 448.89  477.93  4.76

Петропавлда белгісіз біреу төрт айлық сәбиді аурухана есігінің алдына тастап кеткен

Қазіргі уақытта бала тексеріліп, бақылауға алынған.

Петропавлда тастанды 4 айлық қызды полиция қызметкері облыстық көпсалалы балалар ауруханасына тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы балалар ауруханасында пайда болған тастанды бала жайында бейнежазба тарады. Автордың айтуынша, біреулер сәбиді емдеу мекемесінің есігі алдына тастап кеткен. Алайда, бұл ақпарат жартылай жалған болып шықты.

СҚО көпсалалы балалар ауруханасының әкімшілігі бейнежазбаға қатысты түсінік берді.

«15 қараша күні сағат 16:30 шамасында полиция қызметкері 4 айлық қыз баланы жеткізіп, тиісті акт бойынша тапсырды. Қазіргі уақытта бала тексеріліп, бақылауға алынған. Аурухана әкімшілігі бүгін баланың алдағы заңды тағдырын анықтау үшін Петропавл қалалық білім бөлімі жанындағы қорғаншы және қамқоршы органға сұрау жіберді», - делінген хабарламада.

Аурухана қызметкерлері тұрғындардан қайырымдылық мақсатында ешқандай ақша да, зат та жинаудың қажет емес екенін айтты.

«Біздің бөлімшелерде ем алып жатқан сырқаттарымыз қажеттінің барлығымен толық қамтылған. Баланы да тиісті тамақ және күтіммен қамтыдық. Сондай-ақ, ҚР заңына сәйкес шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялағаны үшін және баланың бейнесін оның заңды өкілінің және кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлардың рұқсатынсыз көрсеткені үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Өйткені, бұл баланың заңды тағдыры әлі анықталған жоқ», - деп ескертті аурухана қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары