18.11.2022, 03:30

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Республиканың кейбір өңірінде тұман, жел, көктайғақ болады.

Ауа-райын болжаушылар бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Республиканың кейбір өңірінде тұман, жел, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, орталықтан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман болады. Тау асуларында оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шымкентті түнде және таңертең тұман басады. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Оралда тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с болатын жел соғады.