$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысында DAF маркалы екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция депаратменті.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 17 қарада сағат 16:30-да болған. Подстепный ауылына жақын жерде DAF маркалы екі жүк көлігі соқтығысты. 44 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі қатты зардап шекпеген.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3 бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Облыстық полиция көлік жүргізушілері мен жолаушыларғаа жол ережелерін қатаң сақтауды және жолда абай болу қажеттігін ескертеді. Ауа-райының өзгеруіне байланысты алыс жолға шықпаған дұрыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары