$ 486.44  534.31  5.06

Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

Оған қатысты іс «аса құпия» деген белгімен қаралып жатыр.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды  Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды», - дейді елорда сотынан.

Еске сала кетсек, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды.

Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша К.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ 6 қаңтар күні қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары