$ 490.84  536.88  5.04

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жариялады

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау алдындағы тыныштық қарсаңында үміткерлерге үндеу жасады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау алдындағы тыныштық қарсаңында үміткерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлау» туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат сайлау болатын күннің алдында жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады. Осылайша бүгін сайлауалды үгіттің соңғы күні. Сайлау процесіне қатысушылардың барлығының назарын, ертең яғни 19 қараша – тыныштық күні екеніне аударғым келеді. Яғни бүгін түнгі 00:00-ден сайлау күніне дейін тыныштық күні жарияланады. Осыны есте сақтаңыздар», - деді Н. Әбдіров Орталық сайлау комиссиясында өткен жиналыста.

Тыныштық күні сайлауалды үгіт-насихатпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады және ол үшін заңнама мен құқықтық жауапкершілік көзделген.

Бүгінгі ОСК отырысында осы мәселелер бойынша уәкілетті және қадағалау органдарының ақпараты тыңдалды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров ҚР Президенттігіне кандидаттардың БАҚ-та жүргізген сайлауалды үгіт қорытындыларын баяндады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үндеу #сайлау