19.11.2022, 05:20

Фируза Шәріпова ММА алаңындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бокстан әлем чемпионы болған Фируза Шәріпова ММА алаңындағы екінші айқасын өткізді.

Бокстан әлем чемпионы болған Фируза Шәріпова ММА алаңындағы екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Turkystan.kz. 

Қазақстандық боксшы 18 қaраша Алматыда өткен Octagon 37 аралас жекпе-жек турнирінде әзербайжандық Гүнел Әмірбековамен октагонға шыққан болатын.

Аса жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа шақталғанымен, бірінші раундта-ақ қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Ол тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсті.

Бұл - Фризаның екінші жеңісі болса, Гүнелдің спорт карьерасындағы үшінші жеңілісі.

Еске салайық, биылғы 29 шілдеде Фируза Шәріпова ММА-да дебют жасады. Ол бірінші раундта ресейлік Карина Ондасынованы буындыру әдісімен жеңді.

Фирузаның кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне келсек, ол IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды.

Ал өткен жылдың желтоқсанында «абсолютті» чемпион атағына таласты, бірақ жеңіліп қалды.