Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекетке берілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде өткен экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.
"Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активін, сондай-ақ, мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажет заңдық және ұйымдастыру шараны пысықтауды тапсырды", - делінген хабарламада.