$ 443.37  474.49  4.83

Елена Рыбакина әлемнің «Жыл ойыншысы» атағына үміткер

Маусым қорытындысы бойынша Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлердің есімі анықталды.

Маусым қорытындысы бойынша Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлердің есімі анықталды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина "Жыл ойыншысы" аталымы бойынша үміткерлер қатарына ілінді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жоғары марапатқа таласатындар арасында мына спортшылар да бар:

Әлемнің бірінші ракеткасы, "Ролан Гаррос", US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек;

Дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және Уимблдон финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер;

Әлемнің жетінші ракеткасы, Ролан Гаррос финалисі Кори Гауфф;

Әлемдік рейтингідегі үшінші үздік, Гвадалахара чемпионы Джессика Пегула.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары