Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 37 турнирінде қазақтың белгілі театр және кино актері Асылхан Төлепов ММА спортынан дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның қарсыласы таеквандодан қара белбеудің иегері әзірбайжандық Махаррам Ахмадов болды (2-1). Көрермендерге "Сартай батыр" атымен танымал актер Әзербайжан өкілін қылқындыру әдісімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол бірінші раундта-ақ жеңіске жетіп, көрермендерді таң қалдырды. Өйткені бірінші рет октаганға шығып тұрған одан мұндай нәтижені көбісі күтпеп еді. Басында үздіксіз соққы жасаған Асылхан ақырында қарсыласын қылқындырып, ойынды аяқтауға мәжбүр етті.
Айта кетсек, Асылхан Төлепов көпшілікке "Жау жүрек мың бала" фильмі арқылы жақсы таныс.