$ 487.37  532.94  5.09

20 жыл бойы халықаралық іздеуде болған шетелдік Түркістанда ұсталды

Ер адамға 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады.

Ер адамға 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

– Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда, – Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары